«Қазақстан халқына» қоғамдық қорына үш айда 126 млрд теңге қаржы түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорына үш айда 126 млрд теңге қаржы түсті

13.04.2022

"Қазақстан халқына» қоғамдық қорына үш айда 126 млрд теңге қаржы түсті. Бұл туралы қордың төрағасы Болат Жәмішев мәлімдеді. Қор қызметкерлері қаражаттың бір бөлігі қаңтар оқиғасында жазатайым қаза болғандардың туыстарына бөлінді дейді. Сондай-ақ, қайтыс болған және жараланған күштік құрылым қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне материалдық көмек көрсетілуде. Ал, дүрбелең кезінде жазатайым қаза болған екі бала мен ауыр жараланған үш жасөспірімнің туыстарына 44 млн теңге қаражат аударылған. Қазір, қаза тапқан 13 бейбіт тұрғынның туыстарына ақша аудару үшін ақпараттар нақтыланып жатыр. Халыққа арналған қор ауыр дертке шалдыққан балаларға да көмек көрсетеді. Әсіресе көмек-қаржы сирек кездесетін ауруға шалдыққан балаларға қымбат дәрі-дәрмек алуға жұмсалады.

Болат Жәмішев, «Қазақстан Халқына» Қоғамдық қорының төрағасы:
Жиі кездеспейтін өте ауыр диагноз. сондықтан дәрінің көбі қазақстанда тіркелмеген. мәселе ақшада емес, бюджет қазақстанда тіркелмесе бюджеттің ақшасына оны ала алмайсыз.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу