Семей ядролық қауіпсіздік аймағы құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семей ядролық қауіпсіздік аймағы құрылады

13.04.2022

Елімізде Семей ядролық қауіпсіздік аймағы құрылады. Бүгін мәжілісте тиісті Заң жобасы қаралды. Мақсат - бұрынғы Семей сынақ полигоны аумағында және оған іргелес жатқан жерлерде радиациялық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Қазіргі таңда Семей сынақ полигоны 3 облыстың аумағында орналасқан.

Бұл осы жаққа келетін адамдардың іс-әрекетін, жалпы аумақта болып жатқан оқиғаларды бақылауға қиындық туғызады. Полигонның нормативтен тыс ластанған жерлерін оңалту және қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ. Радиоактивті ластану деңгейі бойынша да нақты көрсеткіштер жоқ, өйткені тұрақты түрде мониторинг жасалмайды. Осы және басқа да түйіткілді мәселелерді шешу үшін арнайы құқықтық режимі бар Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру бойынша Заң жобасы әзірленген.

Болат Ақшолақов, ҚР энергетика министрі:
Полигонның нормативтік тыс ластанған жерлерін басқару жөніндегі уәкілетті ұйым ретінде Энергетика министрлігіне бағынысты ҚР Ұлттық ядролық орталығын тағайындау болжанып отыр. Бұл ұйым 1992 жылы Тұңғыш Президент жарлығымен бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны кешені және тиісті ұйымдармен, нысандардың негізінде құрылған болатын.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу