Ұлттық студенттік лигасы чемпионатының іріктеу кезеңі аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық студенттік лигасы чемпионатының іріктеу кезеңі аяқталды

26.11.2014
Ұлттық студенттік лигасы чемпионатының іріктеу кезеңі аяқталды

«Күз-2014» Ұлттық студенттік лигасы чемпионатының іріктеу кезеңі аяқталды. Бұл кезеңде Чемпиондар лигасы, Еуропа Лигасы және УЕФА Суперкубогы финалына жолдамаға таласатын елдің студенттік командалары анықталды.

26-27 қараша күндері «Астана-Арена» стадионында финалдық турнир матчтары өтеді. Оған Астана мен Алматының 4 студенттік командасы қатысады. Жарыстың ақтық кезеңі де осы жерде өтеді.

Астанадан турнир финалына Қаржы полициясы академиясының командасы, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университет, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті және Назарбаев Университетінің командалары жетті.

Ал, Алматыдан әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақ Ұлттық аграрлық университет, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университет және Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет командалары қатысады.

Финал 29 қараша күні «Астана-Арена» стадинонында өтеді.  

Айта кету керек, жеңімпаз командалар Кубок, медаль, мақтау қағаздарымен қатар, Ұлттық студенттік лигасы дайындаған 2014-2015 маусымдағы УЕФА Чемпиондар лигасы (6 маусым, Берлин), УЕФА Еуропа лигасы (27 мамыр, Варшава) және УЕФА Суперкубогына (12 тамыз, Тбилиси) жолдама алады.

Хабарламаларға жазылу