Ақтөбе облысында биыл 1 млн 250 мың шаршы метр баспана салынады
Ақтөбе облысында биыл 1 млн 250 мың шаршы метр баспана салынады. Мамандар құрылыс қарқыны көктем мен жазда еселеп артады дейді. Алғашқы үш айдың өзінде 175 мың шаршы метр үй қолданысқа берілді. Үлескерді енді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы бақылайды. Яғни, мемлекеттік мекеме заң бойынша құрылыс компанияларына үлескерлерден алдын ала ақша алуға рұқсат береді. Әзірге мұндай мүмкіндікке бір ғана мердігер ие болып отыр. Басқалары құжаттарын рәсімдеуде. Тұрғын үйлер негізінен «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы салынып жатыр.
Аслан Жарасбаев, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары:Несиелік тұрғын үйден 20 мың шаршы метр, арендалық-коммуналдық тұрғын үйден 35 000 шаршы метр және 1 млн шаршы метрді коммерциялық және тұрғындардың жеке тұрғын үйлері, осы бойынша жоспарды орындаймыз.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Кітап оқитын ұлт» жобасына ауылдықтар да белсене қатысып жатыр
28.10.2026, 10:10
Меркі ауылының тұрғыны 500 қойын 20 мың басқа жеткізді
28.10.2026, 10:08
Волонтерлар Арал теңізінің табанына 2 мың түп сексеуіл көшетін екті
28.10.2026, 10:07
Қоқыс төккен тұрғынды дрон арқылы анықтады
28.10.2026, 10:06
АҚШ Иранмен соғысқа 47 млрд доллардан аса қаржы жұмсаған
28.10.2026, 10:04
Биыл мамандық таңдауға көмектесетін цифрлық платформаны 35 мыңға жуық оқушы қолданған
28.10.2026, 10:03
Еліміз «Білім беру» көрсеткіші бойынша Орталық және Оңтүстік Азияда көш бастап тұр
28.10.2026, 10:01
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
28.10.2026, 10:00