Astana Hub орталығы арқылы ақша алған майнинг фермалар бюджеттің қаражатын қайтаруы керек - Депутат
Astana Hub орталығы арқылы ақша алған майнинг фермалар бюджеттің қаражатын қайтаруы керек. Депутат Дания Еспаева мәселені жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қадағалауы тиіс екенін айтты. Яғни, Astana Hub-тың құрылтайшысы Зерде ұлттық компаниясы қызметкерлері мен IT технологиялық паркі басшылары мемлекеттік ресурсты дұрыс пайдаланбағаны үшін жауап беруі қажет. Бес бірдей ферма салық жеңілдіктерін де пайдаланып келген. Ал жауапты ведомства бұған көз жұма қараған дейді депутат. Еске салайық, есеп комитеті майнинг фермалардың Astana Hub арқылы 8,5 миллиард теңге жеңілдік алғанын хабарлаған еді. Бес ұйымның біреуі майнинг ферма ретінде, қалғаны стартап-компания ретінде тіркелген.
Дания Еспаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Есеп комитеті миллиардтаған теңгенің заңбұзушылығын анықтады. Цифрлық даму министрлігі бұл мәселе бойынша соттасып, кінәлілерді жауапкершілікке тартпады. Бұл деген бюджеттің ақшасын біреуге бере салу деген сөз. Astana Hub арқылы заңсыз ақша алған майнинг фермалардан қаражаттың бәрін қайтару керек. Және кінәлілерді жауапкершілікке тарту қажет.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Кітап оқитын ұлт» жобасына ауылдықтар да белсене қатысып жатыр
28.10.2026, 10:10
Меркі ауылының тұрғыны 500 қойын 20 мың басқа жеткізді
28.10.2026, 10:08
Волонтерлар Арал теңізінің табанына 2 мың түп сексеуіл көшетін екті
28.10.2026, 10:07
Қоқыс төккен тұрғынды дрон арқылы анықтады
28.10.2026, 10:06
АҚШ Иранмен соғысқа 47 млрд доллардан аса қаржы жұмсаған
28.10.2026, 10:04
Биыл мамандық таңдауға көмектесетін цифрлық платформаны 35 мыңға жуық оқушы қолданған
28.10.2026, 10:03
Еліміз «Білім беру» көрсеткіші бойынша Орталық және Оңтүстік Азияда көш бастап тұр
28.10.2026, 10:01
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
28.10.2026, 10:00