Харьковта бірнеше ғимарат қирады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Харьковта бірнеше ғимарат қирады

13.04.2022

Ресей армиясы Харковь әуежайы маңындағы ауданға снаряд жаудырып, бірнеше ғимаратты зақымдады. Сонымен қатар, шабуылдан авиациялық порттың жолаушылар терминалынан небәрі жарты шақырым жерде орналасқан кәсіби мектеп те өртеніп, екі адам жараланды. Украина қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Ресей әскері қазір шығыстағы Донбасс пен Харковьты алуға және аймақта шоғырланған мыңдаған украин жауынгерін қоршауға әзірленіп жатыр. Харковь – Украинаның екінші ірі қаласы. Ол ақпанның 24-нен бері ең ауыр әуе соққыларынан зардап шекті.  

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу