Ресей әскері Украина аумағына зымыранмен соққы жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей әскері Украина аумағына зымыранмен соққы жасады

25.06.2022

Ресей әскері бүкіл Украина аумағына зымырандармен соққы жасады. Одан елдің оңтүстігінде, солтүстігінде және батысында әскери нысандар қирады деген мәлімет бар. Шабуыл жасалғанын Николаев, Харковь, Житомир, Львов облыстарының басшылары хабарлады.

Ал Харьковта политехникалық институттың спортзалы қираған. Алайда, ресми Мәскеу «Ресей Украинада азаматтық нысандарға соққы беріп жатыр» деген ақпаратты үнемі жоққа шығарып келеді. Жергілікті барлаушылардың мәліметінше, ресейлік бомбалаушы ұшақтар алғаш рет Украина шекарасына, Беларусь әуе кеңістігінен снаряд жаудырған.


Хабарламаларға жазылу