Йеменде нөсер жауыннан көне ғимараттар қирады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Йеменде нөсер жауыннан көне ғимараттар қирады

17.08.2022

Йеменде 1 ай бойы толассыз жауған нөсер жауыннан 11-ші ғасырға дейін салынған бірнеше ғимарат қирады. Тарихи ескерткіштер Санадағы дүниежүзілік мұралар тізіміне енген ескі қалада орналасқан. Мұнда бір ғимарат толықтай қирап, қалған екеуі жартылай опырылған. Тағы 50 шақты нысанның төбесі құлап, 500-дей ғимаратқа зақым келді. Енді оларды қалпына келтіру қиынға соғады, - дейді тарихи қаланы қорғау бюросының өкілдері. Бұған қоса, елде жүріп жатқан соғыс та жағдайды тіптен ушықтырып отыр. Атыс-жарылыс, шабуылдардан мәдени мұра тізіміндегі көне қаланың іргетасы шайқалған.

Жаңа Зеландияны да су басты. Елдің Оңтүстік аралында өзендер арнасынан тасыған. Көшелер көлге айналып, үйлер мен жолдар су астында қалды. 200-дей үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген. Ауа-райын бақылаушылар болса, өңірде жаңбыр бірнеше күнге жалғасатынын ескертіп отыр.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу