Индонезияда 6,1 баллдық зілзаладан ондаған ғимарат қирады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияда 6,1 баллдық зілзаладан ондаған ғимарат қирады

24.01.2018

Индонезияның астанасы Джакарта мен Бантен провинциясында 6,1 баллдық зілзаладан ондаған ғимарат қирап, мектептер жермен-жексен болды. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, апат жергілікті уақытпен түскі сағат 13:30 шамасында тіркелген. Күшті дүмпу болғанда адамдар далаға қашып, байбалам басталған. Қолда бар деректерге қарағанда, шамамен 13 тұрғын үй қирады. Жергілікті билік әзірге зардап шеккендер туралы нақты мәлімет таратқан жоқ. Қазір зілзаладан зардап шеккен аудандарда құтқару операциясы жүргізіліп жатыр.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу