Батыс Қазақстан облысы: Чинарев ауылының тұрғындары үйлеріне орала бастады
Бүгін түнде Батыс Қазақстан облысындағы Бәйтерек ауданы Чинарев ауылының тұрғындары түнде шұғыл түрде көшірілді. Себебі өңірмен шектесетін Ресейдің Орынбор облысы Пустобаево ауылында-- бөгетті су шайып кеткен.
Су басу қаупі төнгендіктен, Чинаревтағы 20 адам Январцев ауылындағы мәдениет үйіне көшірілді. Қалғандары туған-туыстарының үйіне орналастырылды. Дәл қазір ауылдықтар үйлеріне орала бастаған. Өйткені үйлерді су басқан жоқ. Мал шығыны да жоқ. Ауылда негізінен 150-дей адам тұрады.
Еске салайық көрші елдегі су қоймасында 8 млн текше метр су бар. Бөгеттің бұзылған аумағының ені 7-8 метр. Су Елтышевка өзені бойымен Чинарев ауылы тұсынан өтіп, Жайыққа келіп құяды.
Нұрлыбек Мусиев, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы:Су басу қаупі туындаған болатын. Тез арада алдын алу шаралары ұйымдастырылып, 1200-ден астам қапшық орнатылып, топырақты үйіп, уақытша қорғаныс бөгеттерін құру жұмыстары жүргізілді. Қауіп сейілді және су басу фактілеріне жол берілген жоқ.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Кітап оқитын ұлт» жобасына ауылдықтар да белсене қатысып жатыр
28.10.2026, 10:10
Меркі ауылының тұрғыны 500 қойын 20 мың басқа жеткізді
28.10.2026, 10:08
Волонтерлар Арал теңізінің табанына 2 мың түп сексеуіл көшетін екті
28.10.2026, 10:07
Қоқыс төккен тұрғынды дрон арқылы анықтады
28.10.2026, 10:06
АҚШ Иранмен соғысқа 47 млрд доллардан аса қаржы жұмсаған
28.10.2026, 10:04
Биыл мамандық таңдауға көмектесетін цифрлық платформаны 35 мыңға жуық оқушы қолданған
28.10.2026, 10:03
Еліміз «Білім беру» көрсеткіші бойынша Орталық және Оңтүстік Азияда көш бастап тұр
28.10.2026, 10:01
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
28.10.2026, 10:00