Батыс Қазақстан облысында ауыл тұрғындары көшіріліп жатыр
Бүгін түнде Батыс Қазақстан облысындағы Бәйтерек ауданы Чинарев ауылының тұрғындары шұғыл түрде көшірілді. Себебі өңірмен шектесетін Ресейдің Орынбор облысы Пустобаево ауылында бөгетті су шайып кеткен. Су басу қаупі төнгендіктен, Чинаревтағы 20 адам Январцево ауылындағы мәдениет үйіне көшірілді. Қалғандары туған-туыстарының үйіне орналасты. Дәл қазіргі уақытта тек 4 адам қалды. Ауылда негізінен 150-дей адам тұрады. Көрші елдегі су қоймасында 8 млн текше метр су бар. Бөгеттің бұзылған аумағының ені - 7-8 метр. Су Елтышевка өзені бойымен Чинарев ауылы тұсынан өтіп, Жайыққа келіп құяды. Елдімекенге Оралдан құтқарушылар мен қажет техника, құрал-жабықтар жеткізілді. Қазір тасқынның алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық қос палуан әлем чемпионы
15.10.2026, 13:17
Жазушы Сайын Мұратбеков мұрасы ұлықталды
15.10.2026, 13:15
Мектепте гаджетті шектеу ұсынылды
15.10.2026, 13:13
Астанада онкологтар бас қосты
15.10.2026, 13:10
Екі елді жалғайтын көпір 12 жылдан соң ашылды
15.10.2026, 13:08
Екі кемеге снаряд тиіп, суға батты
15.10.2026, 13:07
Қазақстандық ғалымдар суперкомпьютер жасауға үлес қосты
15.10.2026, 13:05
«Миранда қағидасы» азаматтардың құқығын қорғайды
15.10.2026, 13:03