Ресей Президенті Владимир Путин Мәскеудің Украинада барлық мақсаттарына жететініне күмән келтірмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей Президенті Владимир Путин Мәскеудің Украинада барлық мақсаттарына жететініне күмән келтірмейді

12.04.2022

Ресей Президенті Владимир Путин Мәскеудің Украинада барлық мақсаттарына жететініне күмән келтірмейді. Мұндай мәлімдемені Кремль басшысы бүгін Амур облысындағы «Восточный» космодромға сапарында жасады. Ол ғарыштық портқа Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен бірге барған.

Тағы бір сөзінде Путин қазіргі заманда Ресей тәрізді алып мемлекетті оқшаулау мүмкін еместігін ескертіп, Батыстың бұл әрекеті сәтсіздікке ұшырайтынын атап өтті.

Зеленский мұнай эмбаргосын жариялауға шақырды

Президент Владимир Зеленский болса, Еуропа Одағын Мәскеуге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды. Айтуынша, оның еліндегі әскери қақтығыстарды Ресей мұнайына эмбарго жариялап қана тоқтатуға болады.

Украинада қарулы жанжал ақпанның 24-де басталды. Содан бері мыңдаған адам қаза тауып, миллиондаған украиналық үйлерін тастап кетті. Ресей армиясы қарсылыққа тап болып, Украинаның солтүстігінен әкетілді. Қазір ол Донбассты алуға әзірленіп жатыр.

Арыстанбек Рысбек


Хабарламаларға жазылу