Семейдегі Геодезия және картография колледжінің студенттері, оқытушылар мен ата-аналар жергілікті әкімшіліктің әрекетіне наразы
Семейдегі Геодезия және картография колледжінің студенттері, оқытушылар мен ата-аналар жергілікті әкімшіліктің әрекетіне наразы. Белгілі болғандай, білім ордасы орналасқан ғимаратты құқық қорғау органдарына беру қарастырылып жатқан көрінеді. Еліміз бойынша жалғыз оқу орнында 400-ден астам студент еліміздің әр өңірінен келіп оқиды.
Елсұлтан Асқаров, студент:
Алматы қаласынан, осы білімі мықты Семей қаласы болып саналады. Сол себепті мен геодезия үшін Семей қаласына келіп түстім. Студенттер бүкіліміз қарсымыз!
Оқу орнына қаладағы басқа колледждің бірінің жатақханасына көшу ұсынылған. Ал колледж ұжымы бұл мүмкін емес, ғимараттағы елімізде жоқ қымбат зертханаларды орнынан қозғауға келмейді, дейді. Әзірге нақты шешім жоқ. Білім басқармасындағылар да мәселеге қатысты пікір білдірген жоқ. Ата-аналар бұл түйткілге Білім министрлігі араласуын сұрайды.
Қаныш Төлеуов, колледж директоры:
Орналасқан қондырғылар бар. Оларды қозғау, қайтадан құру. Қазіргі уақытта оның саласындағы маман табу мүмкін емес. Ондай маман жоқ. Егер орнынан қозғап басқа жайға апаратын болса, ол бұзылып жарамсыз болып қалады. Өзіміз де жаңа естіп отырмыз. Мұнда үлкен облыстық мекеме келіп орналасуы қарастырылып отыр.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елдегі энергия саласының әлеуеті артады
10.03.2026, 20:56
Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды
10.03.2026, 20:49
Өңір тұрғындары Конституциялық реформаға қолдау білдірді
10.03.2026, 20:16
Шетелге саяхаттау қауіпсіз бе?
10.03.2026, 20:16
Сыртқы Істер министрлігі ескерту жасады
10.03.2026, 20:12
Зейнетақы шотындағы артық ақшаны емге пайдалануға қайтадан рұқсат етілмек
10.03.2026, 20:12
Елімізде былтыр 20 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
10.03.2026, 20:10
Референдумды 359 халықаралық байқаушы бақылайды
10.03.2026, 20:09