Жеңілдетілген автонесиенің тәртібі бектіліп, ресми шешім шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеңілдетілген автонесиенің тәртібі бектіліп, ресми шешім шығарылды

12.04.2022

Жеңілдетілген автонесиенің тәртібі бектіліп, ресми шешім шығарылды. Бағдарлама сәуірдің аяғында басталады. Нақты күні әзірге белгісіз. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министнінің айутынша автонесиелеуде аса өзгерістер болмайды. Ең жоғары қарыз көлемі 10 миллион теңге. Мерзім 7 жылға дейін. Мөлшерлеме 4 пайыз. Көлік қазақстанда құрастырылған және оның бағасы 15 миллион теңгеден аспауы керек. Ал алғашқы жарна міндетті емес. Сондай-ақ көп балалы аналарға, күштік құрылым қызметкерлеріне, дәрігерлер мен мұғалімдерге қосымша жеңілдік жасау көзделген. 100 миллиард теңге бөлінген бағдарлама ашық және әділ өтуі үшін кезекті онлайн бақылау жүйесі іске қосылады. Сондай-ақ министр көліктерді ресейліктер сатып алып жатқандықтан тапшылық болуы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды. Қайырбек Өскенбаев бұған жол бермейміз дейді.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

Ресми түрде тәртібі бекітілді. Енді осы тәртіпті тіркеу керек. Сол қалай бітеді біздің әріптестер осы жұмысқа кіріседі.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу