Калифорнияда мыңдаған адам эвакуацияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Калифорнияда мыңдаған адам эвакуацияланды

01.11.2023

АҚШ-тың Калифорния штатында алапат орман өрті тұтанды. Жалынның тез тарауына күшті жел ықпал еткен. Әзірге өртті бақылауға алу мүмкін болмай жатыр. 900 гектарға жуық аумақ күлге айналған. 4 мыңдай тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Тағы мыңдаған адамға эвакуациялау мүмкін екені ескертілді. Әзірге оттың неден тұтанғаны белгісіз. Өртпен күресуге 300-дей маман тартылған.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу