Вьетнамның оңтүстігіне алапат «Тембин» дауылы қауіп төндіріп, 650 мың адам эвакуацияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вьетнамның оңтүстігіне алапат «Тембин» дауылы қауіп төндіріп, 650 мың адам эвакуацияланды

25.12.2017

Тағы 15 провинцияның тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіру жоспарланып, бас-аяғы 1 миллион адам үйлерін тастап кетуі мүмкін. Бұл туралы «ТАСС» агенттігі хабарлап отыр. Жергілікті билік өкілдерінің болжамы бойынша, сұрапыл дауыл бүгін түнде елге соққы береді. Осыған байланысты Хошимин қаласында мектептер жабылып, дәріс доғарылды. Қазір апатқа төтеп беру үшін барлық қауіпсіздік шаралары қолға алынып жатыр. Әлеуметтік желілер арқылы адамдар бір-біріне сақ болуды ескертуде. Филиппин аралдарында осы тропикалық дауылдан соңғы екі күнде 230-дан астам адам опат болған.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу