Таразда қаңтар оқиғасы кезінде қару ұрлаған 5 адамға сот үкімі шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда қаңтар оқиғасы кезінде қару ұрлаған 5 адамға сот үкімі шықты

12.10.2022

Таразда қаңтар оқиғасы кезінде қару ұрлаған 5 адамға сот үкімі шықты. Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, 6 қаңтарға қараған түні олардың түрлі қылмыс әрекеттерін жасап 200 миллион теңгеден аса шығын келтіргені анықталған.

Нақтырақ айтқанда, тәртіпсіздік кезінде зорлық-зомбылық, өрт қою, мүліктерді қиратып, полиция бөлімінен қару-жарақ пен оқ-дәрілерді қолды қылған. Сотталған 5 азамат та өз кінәларын толық мойындап, жасаған қылмыстары үшін өкінетіндерін айтқан. Сондай-ақ, олардың бұрын сотты болмағаны да ескерілді дейді Жамбыл облыстық соты. Бес азаматтың үшеуі 3,5 жылға, тағы екеуі үш және екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Нұрдос Сембекұлы

Хабарламаларға жазылу