ШҚО-да өткен түнде автокөлік жолдары жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да өткен түнде автокөлік жолдары жабылды

12.04.2022

Шығыста өткен түнде Өскемен – Алтай - Үлкен Нарын - Қатонқарағай және Рахман қайнары бағытындағы республикалық автокөлік жолы жабылды. Себебі күн райы күрт жылынғандықтан қар көшкінінен қауіп төнді.

Алтай мен Қатонқарағай бағытындағы жолдың көбі биік таудың арасында. Сондықтан көшкін де жиі түседі. Көктемде қар көбесі сөгілгенде жалама беткейлердің етегінен өтетін жолдың бөлігі кешкі 20:00-ден таңғы 6:00-ге дейін жабылады. Қазір толық ашылған.

Олжас Керей

Хабарламаларға жазылу