Еліміздің бірнеше тас жолы мен автокөлік жолдары жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің бірнеше тас жолы мен автокөлік жолдары жабылды

07.03.2018

Атап айтқанда, қолайсыз ауа райы салдарынан «Астана-Қарағанды» бағыты толықтай, Шідертіден Ақмола облысы және Қарағандыдан Балқашқа дейінгі, тағы басқа жол участоктарына көлік жүргізушілері үшін рұқсат жоқ . Ал, мереке және демалыс күндері еліміздің оңтүстік аймақтарында жауын-шашын болады. Ауа температурасы +8-18 градусқа дейін жылиды. Әрі қарай +15-25 градусқа дейін көтеріледі. Ал, батыс, солтүстік, орталық өңірге Батыс Сібір аймағынан суық және ылғалды ауа массалары түседі. Сол себептен ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Күшейген желдің жылдамдығы секундына 23 метрге дейін жетеді деп күтілуде. Ал ертең мереке күні Астана мен Алматы қаласы жауын-шашынсыз өтеді.

Зайна Сағындықова, «Қазгидромет» РММ жетекші инженері:

- Астана қаласында 8-наурыз жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауаның температурасы түнде 17-19 градус аяз, күндіз 7-9 градус аяз болады. 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу