ШҚО-да жолдар жабылып, сабақ доғарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да жолдар жабылып, сабақ доғарылды

27.12.2017

Шығыс Қазақстан аумағында күн райының күрт бұзылуына байланысты автокөлік жолдары жабылды. Сонымен қатар, мектептерде 1-ші және 9-шы сыныптарға дейін сабақ доғарылды. Тоқтаусыз жауған жаңбыр суық түсе салысымен түнде көктайғаққа айналған. Облыста екі күннен бері осындай қолайсыз ауа райы орнаған. Салдарынан бірнеше жол апаты тіркелді. Көктайғаққа байланысты коммуналдық мекемелер күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті.

Тамара Рахымжанова, «Өскемен - тәртіп» ЖШС директоры:

- Ауа райының салдарынан күндіз және түнде жұмыс істеуге тура келіп тұр. Сонымен қатар, қауіпсіздік шаралары да белсенді жүргізіліп жатыр. Осыған орай облыс орталығында 1-ші және 9-шы сынып оқушылары сабақтан босатылды. 26-нан 27-не қараған түні қала көшелеріне он жеті құм себетін техника шығарылды.

Хабарламаларға жазылу