Бірнеше өңірде бұрқасын мен көктайғаққа байланысты жолдар жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бірнеше өңірде бұрқасын мен көктайғаққа байланысты жолдар жабылды

04.02.2021

Ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірнеше аймағында автокөлік жолдары жабылды. Бұрқасын мен көктайғаққа байланысты Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облысында көлік қозғалысына шектеу еңгізілді. Көп жерде кеше кешке басталған боран әлі басылған жоқ. Мысалы, өткен түннен бері Шығыс өңіріне 30 сантиметрге жуық қар түскен. Осының салдарынан бүгін таңертең Өскемен қаласында қозғалыс қиындады. Қоғамдық көліктер кестеден кешікті. Қарды шығаруға қаланың коммуналдық кәсіпорнының ғана емес, жеке мекемелердің де техникасы тартылды. 

Тимур Екібасов, қалалық коммуналдық мекеме жетекшісі:
Кеше кешкі 21:30-да басталды. Міне, қазір түс уақыты, қар әлі жауып тұр. 12 сағаттан астам қар тоқтамай жауып тұр. Бізде екі бригда бар, түнгі және күндізгі. Тәулік бойы жұмысшылар істеп жатыр.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу