Еліміз бойынша жер алу кезегіне 378 мың электронды өтінім тіркелген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміз бойынша жер алу кезегіне 378 мың электронды өтінім тіркелген

11.04.2022

10 сотық жер алу кезегіне 378 мың өтінім келіп түскен. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің хабарлауынша электронды үкімет қалыпты жұмыс істеп тұр. Өтінім беру үшін электронды үкімет порталына кіріп, жер учаскесін бөлу деген қызметті таңдап, жеке сәйкестендіру нөмірін енгізсеңіз жеткілікті. Бір адам бірнеше аумақтағы жерге кезекке тұра алады. Бірақ тегін жер бір-ақ рет беріледі де қалған кезегі автоматты түрде жойылады. Ал кей жерлерде өтініш қабылданбай жатқан себебі, біраз өңірлер кезекке қоюды тоқтатуды сұраған. Өйткені, ол жақта қағаз жүзінде берілген өтініштерді жүйелеу жұмыстары жүріп жатыр. Ал Алматыда жеке меншік тұрғын үй құрылысына берілетін жер жоқ. Сондықтан мегаполис өтініш қабылдауды тоқтатты.

Айнұр Юсупова, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі департаменті директорының орынбасары:
Бүгінгі таңда электронды үкімет порталы тұрақты жұмыс істеп тұр. Сізге кезекке тұру үшін қызметті басып,ИИН енгізіңіз. 05:20 бүкіл тексерулерден кейін сізге хабарлама келеді. Егерде өтініштер қабылданбаса Е өтініш порталы арқылы сауалыңызды жолдай аласыз.

Жалпы тұрғын үй салуға жер кезегіне өтініш қабылдау жұмыстары 2004 жылы басталған еді. Содан бері 1 млн 300 мың адам жазбаша өтініш беріпті. Ол 12 күн қаралатын. Әрі басқа өңірден жер алу үшін сол жаққа бару керек болатын. Қазір бәрін электронды форматта реттеуге болады.


Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу