Қаңтар оқиғасы: 12 ұйымдасқан қылмыстық топ анықталды
Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікке 12 ұйымдасқан қылмыстық топ қатысқан. Бүгінде бұл топтардың 23 мүшесі қамауға алынды. Олардың арасында қылмыс әлемінің 4 серкесі бар. Бұл туралы бүгін еліміздің Бас прокуратурасы мәлімдеді.
Берік Көшербай, тілші:Бүгінгі таңда жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру және қатысу бойынша 547 адам күдікті ретінде танылған. Оның 269-ы қамауға алынды. Бас прокуратура Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікке 12 ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысқанын анықтаған. Олардың ішінде «Дикий Арманның» тобы, «Қазақстандықтар» және «Айшуақ-Жантүгел» тобы - ең белсенді болған. Сондай-ақ, арнайы прокурорлардың айтуынша, Алматы қаласында құқық қорғау органдарына 4 снайпер оқ атқан. Олардың біреуінің сол кезде көзі жойылды. Оның кім екенін анықтау үшін сот-молекулярлық генетикалық сараптама жүргізуге тура келіпті.
Елдос Қилымжанов, ҚР Бас прокуратурасы қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары:Ол С. есімді азамат болып шықты. Қайғылы Қаңтар оқиғасы кезінде ол тұрғын үйдің төбесінде орналасып, Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлеріне көздеп оқ атқан. Қазіргі таңда қалған 3 террористі анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.
Берік Көшербай, тілші:Прокурорлар аймақтардағы тәртіпсіздік кезінде арандатушы болғандарды да анықтап жатыр. Сондай-ақ Алматы, Жамбыл және Қызылорда облысындағы Ұлттық қауіпсіздік комитеті және полиция департаментін, Алматы әуежайын тастап кеткені үшін осы мекеме басшылары күдікті ретінде танылған. Алматы әуежайының желілік полиция бөлім басшысы да ұсталған. Ол өзінің қызметтік міндетін орындамағаны үшін, яғни әуежайды күзетсіз қалдырғаны үшін айыпталды. Брифингте Ішкі істер министрілігінің де өкілі сөйлеп, Қаңтар оқиғасы бойынша тергеу нәтижелерін айтты. Бүгінде тергеушілер 1090 қылмыстық істі қарап жатыр. 377 күдіктіге қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталып, сотқа жолданған. Ал 168 адамға сот үкімі шығып қойды.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
22.08.2026, 11:30
S&P Global Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB» деңгейіне жоғарылатты
22.08.2026, 10:52
Қазақстанның су шаруашылығына екі жылда рекордтық 677 млрд теңге инвестиция тартылды
22.08.2026, 10:30
308 жасанды интеллект агенті әзірленіп жатыр
21.08.2026, 20:59
Шалғай ауылдар газдандырылып жатыр
21.08.2026, 20:50
Қызылорда облысында жастар тазалық акциясына шықты
21.08.2026, 20:49
Мәскеудегі бес сайлау учаскесі сайлауға дайын
21.08.2026, 20:47
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы халықаралық байқаушылармен кездесті
21.08.2026, 20:40