Елорадада өткен халықаралық театр фестивалі өз мәресіне жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорадада өткен халықаралық театр фестивалі өз мәресіне жетті

08.04.2022

Балалар мен жеткіншектер арасындағы байқау биыл алғаш рет бас қалада өткізілді. Бұған дейін фестиваль Қарағандыда ұйымдастырылып келген. Бойларында сахна өнері бар еліміздің 16 өңірі мен кенттерінің қатысушыларымен бірге Бішкек қаласының жалпы 300-дей жас дарын шеберліктерін байқасты. Олар «Сахна қойылымы» мен «Көркем сөз» номинацияларында өнерлерін көрсетті. Бірнеше күнге созылған өнер додасында тәжірибесі бар театр ұжымдарының арасында үздіктер анықталып, министрлік өкілдері мен көркемдік жетекшілердің құрметіне бөленді.

Олжас Арапбек, 2-ші жүлде иегері:
Бір-бірімізден тәжірибе алмасып, бір-бірімізбен танысып, дос тауып жатырмыз. Өте қуаныштымыз. Мәселе орында емес. Әркім өзінің деңгейін білсе, әрі қарай сол үшін жұмысын істесе керемет болады.

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу