Астанада «Азия жаңғырығы» цирк фестивалі аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Азия жаңғырығы» цирк фестивалі аяқталды

14.08.2023

Астанада халықаралық «Азия жаңғырығы» цирк фестивалі аяқталды. Онда әлемнің бірнеше елінен келген 60-қа жуық талант иесі өнер көрсетті. Қойылымдарға цирк әлемінің танымал тұлғалары баға беріп, кіл мықтыны іріктеді. Фестиваль қорытындысы бойынша үш жеңімпаз анықталды. Бас жүлдені Қытайдан, сондай-ақ Алматы мен Шымкент қалаларынан келген өнерпаздар алды. Күміс жүлде Ресей мен Беларусь елінің азаматтарына бұйырды. Жыл сайын өткізіліп келе жатқан цирк фестивалі өз аудиториясын тапқан ерекше шара. Оны тамашалауға келгендер биыл да көп болды

Ерік Жолжақсынов, «Астаналық ЦИРК» кәсіпорнының бас директоры:

Бүгін міне 14-ші фестиваль мәресіне жетті. 12 елден әртістеріміз, қонақтарымыз келіп өнер көрсетті. 14 елден әділқазылар алқасы келді. Америка, Франция, Италия. Жалпы Астананың көрермендері осы фесьтивальді сағынып, ине шаншар орын жоқ. 2000 орындық бүгін толы.


Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу