Халықаралық «Жібек Жолы» фестивалі мәресіне жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық «Жібек Жолы» фестивалі мәресіне жетті

10.10.2014
Халықаралық «Жібек Жолы» фестивалі мәресіне жетті

 «Астана Операда» бірінші Халықаралық «Жібек Жолы» фестивалі мәресіне жетті. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.

20 күн бойы елордалық театр сахнасында әлемдегі үздік өнер ордаларының прималары мен премьерлері, сондай-ақ опера жұлдыздары өнер көрсетті.

Бас қала спектакльдердің әр күнін аншлагпен қабылдады. Үш апта ішінде өнер ошағына он бес мыңнан астам көрермен келді.

«Фестиваль атақты тұлғаларға бай болды. «Тоска» операсында өнер көрсеткен әйгілі итальяндық үштік: Анна Пироцци, Массимо Джордано мен Альберто Газале бұл жобаға ұзақ ғұмыр тілеп, жарқыраған көрнекті әртістер «Астана Опера» шаңырағының астында жыл сайын бас қосып, тәжірибе алмасып, Қазақстанның музыкалық шығармашылығымен танысу мүмкіндігіне ие болсын деген ниет білдірді»,-деп хабарлады театрдың баспасөз қызметі. 

Сурет: yvision.kz

Хабарламаларға жазылу