Елордада инклюзивті спорт фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада инклюзивті спорт фестивалі өтті

06.06.2023

Елордада инклюзивті спорт фестивалі өз мәресіне жетті. Жарысқа елдің жиырма бір қаласынан келген жас параспортшылар 11 спорт түрі бойынша сынға түсті. Оның қатарында бейімдік каратэ, дзюдо, пионербол, тхэк-вандо, жүзу және инклюзивті хореография сияқты пара спорт түрлері бар. Сайыс қорытындысында жеңімпаздар ұлттық құрама сапына қабылданып, Паралимпиада, Азия ойындары және ірі халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайды. Іс-шараға 400-ге жуық бала қатысты.

Альмира Асанғали,  параспортшы:

 Біз үшін ол өте маңызды. Өйткені мен сияқты балалар спорттан алыстау болады. Сондықтан біз үшін осы спорт түрі және басқа да спорт түрлері өте маңызды. Чемпионатта жүлделі орын алған балалар ұлттық құрамаға кіріп, басқа да чемпионаттарға қатыса алады. 


Хабарламаларға жазылу