Шет елге ауған украиналық босқындардың саны 4 млн 200 мың адамға жетті. Оның 2,5 млн-ы бала. Еуропаның барлық елі украиналықтарды қабылдауға қол ұшын созып жатыр. Германия, Чехия, Нидерланды елдері айына әр босқынға 300 еуро қаражат бөлуде. Біздің әріптесіміз Аида Әбіл Нидерландыдағы босқындардың жай-күйін білді.
Аида Әбіл, тілші:Мен қазір Амстердам қаласының темір жол вокзалында тұрмын. Нидердандыдағы «Қызыл крест» ұйымы билікпен бірігіп, украиналық босқындарға көмегін ұсынып жатыр. Мұнда да жатын орын мен жылы тамақ беру пункті орналасқан. Сосын саған сары бау тағады қолыңа. Бұл босқындардың нөмері. Осы нөмер арқылы кезегіңді күтесің, кезек бойынша Нидерланды жанұясына орналастырады. Тіпті ел королі укрианалық босқындарды өзінің 15 ғасырдағы көне ғимаратында қабылдаған.Аптасына алпыс еуро береді. Оны ресми тіркелгеннен кейін ғана рәсімдей аласыз. Сан бойынша 4.2 млн босқын десек, оның 2.5 млн Польшада, 300 мың Германияда. Ал Нидерландыдағы украиналық босқындар саны 17 мыңға жетті.
Аида Әбіл