Елордада нөмірі жоқ көліктен қару-жарақ табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада нөмірі жоқ көліктен қару-жарақ табылды

07.04.2022

Елордада мемлекеттік нөмірі жоқ көлік ұсталды. Тексеру кезінде көлік ішінен қару-жарақ табылды. Жеңіл көлік кеше түске таман тұран даңғылымен жүйіткіп бара жатқан. Нөмірсіз көлікті полицейлер тоқтатқан. Белгілі болғандай, 35 жастағы жүргізушінің көлігінен 12 мемлекеттік нөмір, пышақ, газды тапанша, 4 оқ табылды. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Көлік айып тұрағына қойылды.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу