Қырғызстанда қару-жарақпен бірге қазақстандық көлік нөмірі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстанда қару-жарақпен бірге қазақстандық көлік нөмірі табылды

04.02.2022

Қырғызстанда қару-жарақ жасырылған құпия қоймадан қазақстандық көліктің тіркеу нөмірі табылды. Сериясы KNB, ал аймақ 13. Яғни нөмір Шымкент тұрғынының көлігіне тиесілі болуы мүмкін.

Осы елдің Ұлттық қауіпсіздік комитеті таратқан ақпаратқа сәйкес, бұл жерден Макаров тапаншасы, мылтық және оқ-дәрілер мен жарылғыш зат жасауға арналған материалдар да табылған. Шу облысы аумағында жасырылған қару-жарақтардың иесі іздестіріліп жатыр. Сондай-ақ олардың қандай да бір қылмысқа қатысы бар-жоғы да анықталады.


Хабарламаларға жазылу