Ертіс өзенінің суына жасалған зерттеу қорытындысы шықты. Химиялық талдау бойынша өзендегі мырыш рұқсат етілген шекті мөлшерден 1,3, ал мыс 1,5 есе артқаны анықталды. Басқа химиялық компоненттер бойынша ластану байқалмайды. Дегенмен облыстық экология департаменті «Қазгидромет» мамандарымен бірілесіп Ертістен апта сайын сынама алып, мониторинг жүргізіп отырмақ. Естеріңізге салайық, үш күн бұрын Шығыс Қазақстан облысында жүк пойызы рельстен шығып, кен тиеген 6 вагон өзенге құлаған.Теміржолда болған осы апатқа қатысты облыстық көлік прокуратурасының ұсынысы бойынша «Қазақстан темір жолы – Жүк тасымалы» АҚ-ның Семей бөлімшесі жоспардан тыс тексеріле бастады.
Данияр Әлиев, Облыстық экология департаментінің басшысы:
Қоршаған ортаға келтіру зиянын бағалау мақсатында сол уттылықты бағалау мақсатында анықталатын болады. Бірақ ол уыттылық қазір зерттеу жұмыстары жүргізілуде оның нәтижесі 4 күннің ішінде дайын болады. Негізінде соның қорытындысы бойынша келекшекте қорытынды береміз.