АҚШ-та сусыз қалған қала тұрғындары шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та сусыз қалған қала тұрғындары шеруге шықты

20.01.2016
АҚШ-та сусыз қалған қала тұрғындары шеруге шықты
Зерттеулерге қарағанда, Флинт өзенінің суына алдыңғы жылы қорғасын төгілген.

АҚШ-тың Мичиган штатының Флинт қаласында ауызсу уланған. Сондықтан, 100 мың тұрғынның ішінде қатты науқастанып, ауруханаға жеткізілгендер көбейіп келеді.

Зардап шеккендердің ішінде балалар да бар. Ашынған халық шеруге шығып, су дағдарысын тезірек еңсеруді талап етіп жатыр.

Зерттеулерге қарағанда, Флинт өзенінің суына алдыңғы жылы қорғасын төгілген. Содан бері талай адам асқазан ауруына шалдығып, әйелдер мерзімінен бұрын босанып қалып жатыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу