9 миллиард теңгеге салынған көпірдің бір шеті опырылып түсті

22.05.2020

Атырау облысы Махамбет ауданында 2 жыл бұрын ғана пайдалануға берілген жаңа көпір қирағалы тұр. Ұзындығы – 660 метр болатын көпірдің бір шеті жаңбыр суына шыдас бермей опырылып түскен. Үш жыл бойы салынған нысан Атырау – Орал және Атырау – Индер тасжолын жалғайды. Құрылысқа 9 миллиард теңгеден артық қаржы жұмсалды. Алайда, сапасы сыр берді. Мамандар ақаудан жол қозғалысына қауіп жоқ екенін айтады. Қазір зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сараптама қорытындысы шыққаннан кейін, бүлінген жерді мердігер мекеме өз есебінен жөндейді.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ


Хабарламаларға жазылу