Қостанай облысындағы Қабырға ауылына баратын жолды су шайды
Тасқын салдарынан Қостанай облысындағы Қабырға ауылына қатынас үзілді. Аудан орталығынан 64 шақырым қашықтағы елдімекенде 300-ге жуық тұрғын бар.
Еріген қар суы күре жолды бірнеше жерден бұзған. Кей жерлерде жайылып, трассаның үстіне шығып кеткен. Ауыл әкімінің айтуынша, тіпті ауыр техниканың өзі өте алмайды. Тасқын су алғаш рет жолды 2017 жылы бұзған. Бірақ одан кейін суағар құбырлар орнына қойылмаған, жол жөнделмеген. Тұрғындардың айтуынша, мұндай жағдай көктем сайын қайталанады. Қатынас қашан қалпына келері белгісіз.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Білім сапасы жақсарса, ұлттық бәсеке қабілеті арта түседі»
09.09.2026, 00:42
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09