Мәулен Әшімбаев: Қызметкерлердің мүддесі ескеріледі
Толық емес жұмыс тәртібінде еңбек ететіндердің мүддесі мен құқығын реттейтін конвенцияны сенат қабылдады. Сала министрі Серік Шәпкенов аталған санаттағы қызметкерлердің жалақы төлеу жүйесінде мемлекеттік кепілдіктері қарастырылғанын айтты. Әлеуметтік қамсыздануы да қалыпты жұмысшылармен ұқсас болуы тиіс. Былтыр түрлі салада 470 мыңдай маман толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыс істеді. Ауыл шаруашылығы, білім және өнеркәсіп бағытындағы бірқатар жұмысшылар аптасына 20 сағаттан аз уақыт еңбек еткен.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Олардың жалақы алуға, сондай-ақ, еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына, әлеуметтік қамсыздандыруға, жыл сайынғы ақылы немесе ауруы бойынша демалысына қатысты құқықтарын қорғайды. Алдағы уақытта Конвенция бұл бағыттағы халықаралық стандарттарды елімізде одан әрі енгізуге қызмет етеді деп сенеміз.
Нысаналы Ығыл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Соңғы 2 жылда ана өлімі 35 пайызға азайды
13.03.2026, 20:55
Биыл 2 300 шақырым жергілікті жол қайта жаңғыртылады
13.03.2026, 20:53
Су қоймаларының құрылысы келесі жылы аяқталады
13.03.2026, 20:51
Былтыр ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс ашылды
13.03.2026, 20:49
Өңірде 4000-нан аса ерікті еңбек етеді
13.03.2026, 20:47
Еліміздің 5 өңірінде су тасқыны қаупі бар
13.03.2026, 20:39
Жаңа Конституция жобасы талқыланды
13.03.2026, 20:15
Қазақстандағы дауыс берушілердің орташа жасы – 29 жас
13.03.2026, 20:14