Павлодар облысындағы Рождественка ауылы да қызыл судан әбігерге түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысындағы Рождественка ауылы да қызыл судан әбігерге түсті

31.03.2022

Павлодар облысындағы Рождественка ауылы да қызыл судан әбігерге түсті. 30-ға тарта үйге су кірген.

Ауылдың оң қапталындағы сайға су толып, шеткі үйлерге қарай ағылған. Қамсыз отырған жұрт қарекет ете алмаған. Ал, аймақтың төтенше жағдайлар қызметі қыста бұл аумаққа қар аз түсті, сондықтан осы ауылды су басады-деген қауіп болған жоқ деп отыр. Дәл қазір құтқарушылар мен жергілікті әкімшілік тарапынан құрылған арнайы топ қарғын суды бұрып жатыр.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу