Депутаттар енді халықпен арадағы ықпалдастықты күшейтуге баса мән береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутаттар енді халықпен арадағы ықпалдастықты күшейтуге баса мән береді

31.03.2022
Депутаттар енді халықпен арадағы ықпалдастықты күшейтуге баса мән береді

Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының негізгі бағыттарын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жөніндегі төменгі Палатаның атқарып жатқан жұмыстары туралы мәлімет берілді.

Депутаттар енді өз жұмыстарында ашықтықты арттыруға, парламенттік мәдениетті нығайтуға және халықпен арадағы ықпалдастықты күшейтуге баса мән береді. Қоғамдағы өте маңызды мәселелер бойынша парламенттік тыңдалымдар мен басқа да іс-шаралар жиі өткізіледі.

Парламенттің төменгі палатасында азаматтардың өтініштері мен талап-тілектеріне, соның ішінде депутаттардың өңірлерге сапары барысында көтерілген мәселелерге қатысты жұмыстың жаңа тетіктері енгізіледі. Мәжіліс депутаттары жергілікті жерлерде сайлаушылармен тұрақты кездесулер өткізеді.

Екінші сессия басталғалы бері Мәжіліс депутаттарының қарауына 96 заң жобасы түскен және оның 53-і мақұлданып, Сенатқа жолданған.

Хабарламаларға жазылу