Мәжіліс депутаттары: Сапасыз үйлер ипотекалық несие арқылы әлеуметтік осал топтарға берілген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаттары: Сапасыз үйлер ипотекалық несие арқылы әлеуметтік осал топтарға берілген

30.03.2022

Сапасыз үйлер ипотекалық несие арқылы әлеуметтік осал топтарға берілген. Қабырғасы қақырап, іргетасы сөгіліп жатқан баспаналар мемлекеттік бағдарламалар аясында салынып жатыр. Жапа шегіп отырған тұрғын көп, ал жауапқа тартылғандар саусақпен санарлық, - дейді мәжіліс депутаттары. Сондықтан республикалық комиссия құрып, оның құрамына қоғам белсенділері мен пәтер иелерін енгізіп, тексеріс жүргізу керек деп есептейді.

Фахриддин Қаратаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Барлық облыстардағы, қаладағы проблемалық тұрғын үйлерді қайта тексеруден өткізіп, үйлерде тұру қауіпсіздігін, авариялық деңгейін анықтау керек. Республика бойынша тұрғын үйлерді қабылдайтын тиісті жергілікті атқарушы органдарды тексеріп, кінәлілерді жауапқа тартуды, депутаттық сауалға заңнамаға сәйкес жазбаша жауап беруіңізді сұраймыз.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу