Шымкентте мемлекеттік бағдарламамен салынып жатқан үйлер тексеріледі
Шымкентте жаңа қоныстың кілтін алған отбасылар берілген пәтерлерде бұрын басқа адамдардың тұрғанын білді. Әлеуметтік желіде тараған видеода әлдекімнің жаңа баспанаға елден бұрын жайғасып, жайлы өмір сүргенін көруге болады. Осы оқиғадан кейін қалалық тұрғын үй басқармасы бұл жайтты зерделеуге кірісті. Бұл негізі әлеуметтік жағынан осал топтарға жеңілдікпен салынған көпқабатты үйлер екен. Енді қаладағы мемлекеттік бағдарлама бойынша жаңадан салынып жатқан үйлер түгелдей тексеріледі.
Көпжан Төлебаев, қалалық тұрғын үй басқармасының бөлім басшысы:
Мердігер тарапынан орын алған кемшіліктерді жоюға бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Заң бұзушылық бойынша тиісті, кінәлі тұлғаларға тиісті шаралар көретін болады.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін парашаңғышыларымыз сайысқа шығады
10.03.2026, 13:24
1218 адамға жәрдемақы мен әлеуметтік төлем автоматты түрде тағайындалған
10.03.2026, 13:21
Жетісу облысындағы 469 дауыс беру учаскесі дайын
10.03.2026, 13:15
Жаңа Конституция – дамудың жаңа кезеңі
10.03.2026, 13:12
Трамп Таяу Шығыстағы соғыстың кешікпей аяқталатынын мәлімдеді
10.03.2026, 13:09
Республикалық маңызы бар тас жолдар жабылды
10.03.2026, 13:06
Астананың күні күрт бұзылды
10.03.2026, 13:03
«Наурыз» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды
10.03.2026, 13:00