Жетісу облысында жыл басынан бері 458 үй өртенген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында жыл басынан бері 458 үй өртенген

18.11.2022

Жетісу облысында жыл басынан бері 500-ге жуық өрт тіркелген. 9 адам қаза тапқан. Төтенше жағдайлардың басым бөлігі жер үйлер аумағында болған. Мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында өңір құтқарушылары пештің макеті тиелген көлікпен Талдықорған көшелерін аралап, дыбыс күшейткіш арқылы тұрғындарды сақ болуға шақырды.

Халық көп жиналатын жерлерде пештің мұржасын қалай тазалау керектігі көрсетіліп, нұсқаулық парақшалар таратылды. Өрт сөндірушілер биыл да жеке тұрғын үйлерге барып, улы газ бен түтінді анықтайтын арнайы қондырғылар орнатып жатыр.

Қанат Алтынбеков, Жетісу облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

2018 жылдан бастап әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтардың тұрғын үйлерінде 10 мыңнан астам улы газды анықтау датчиктері орнатылды. Қазіргі таңда осы жұмыс жалғастырылуда.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу