Жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама мамырда басталады
Жеңілдетілген жаңа ипотекалық бағдарлама мамырда басталады. Оның мөлшерлемесі халықтың әлеуметтік санатына байланысты әртүрлі. Әлеуметтік осал топ, яғни, көпбалалы отбасылар, жетім балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 7 пайыз. Өзге санаттағы азаматтарға 9 процент. Ипотеканы моноқалаларда да рәсімдеп, үй алуға болады. Бағдарламаға 300 миллиард теңге бөлінбек. Қазір толық шарты әлі жасалып жатыр. Несие көлемі Астана мен Алматыда 30, өзге қалаларда 18 миллион теңгеге дейін болмақ. Мұндай ипотекалық бағдарламаны іске қосуды президент Ұлттық құрылтайда тапсырған еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық футболшылардың сапына әлемдегі үздік ойыншылар қосылды
24.01.2026, 20:15
Қарағанды облысында көпқабатты тұрғын үйлердегі жаңа басқару жүйесі талқыланды
24.01.2026, 19:57
Интернет-алаяқтыққа байланысты Бас прокуратура үндеу жасады
24.01.2026, 19:56
Саясаттанушы: Тиімді саяси реформалар - ел дамуының көрсеткіші
24.01.2026, 19:40
Халық пікірі: Конституциялық реформа – саяси жаңғырудың өзегі
24.01.2026, 19:38
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті
24.01.2026, 19:35
Конституциялық реформа – ауқымды өзгерістің бастауы
23.01.2026, 21:09
60 мың тонна қоқыс қайта өңделді
23.01.2026, 20:39