Елдегі мұнай нарығында бәсекелестік жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі мұнай нарығында бәсекелестік жоқ

29.03.2022

Елдегі мұнай нарығында бәсекелестік жоқ. Тек қос компания қолынан келген соң қонышынан басып жүр. «Си-Эн-Пи-Си» мен «Қазмұнайгаз» қара алтынның 80%-ын игереді. Өндіруден бөлек, 3 ірі мұнай өңдеу зауытына және жанар-жағармай құю станцияларына да солар иелік етеді. Ішкі саудада мұнай өнімдерінің бағасын да жасырын белгілеп отыр. Мәселе күрделі. Тек мемлекеттік тетіктер енгізілсе реттеледі. Бұл тауар нарықы монополиядан арылтуға қатысты брифингте айтылды. Сонымен бірінші кезекте тәуелсіз компаниялар өнімін биржада сату көлемін 30 пайызға дейін көтеру керек. Бірлескен шағын компаниялар мен тәуелсіз тасымалдаушыларды көбейтіп, қолдау қажет. Осылайша «Си-Эн-Пи-Си» мен «Қазмұнайгаз» бәсекелестік қағидатымен жұмыс істеуі керек. Делдалдарды да аластату шарт.

Рустам Ахметов, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары:
Мұнай өнімдері, табиғи газ, электр энергиясы, көлік және байланыс нарықтарындағы негізгі қатысушылардың үлесі 70 пайыздан асады. Осылайша, тауар нарықтарының монополиялық құрылымы дамыды. Сондықтан нарықтар жетілмеген. Оларды түзету үшін мемлекеттің қатысуы талап етіледі. Жеке кәсіпкерліктен бастап кәсіпорындарды иеленуге дейін реттеу керек. 


Хабарламаларға жазылу