Ақпанда ел азаматтары 200 миллиард теңгеге шетел валютасын сатып алған
Теңге тағы нығая түсті. Бүгін таңғы саудада Ұлттық ақшамыз долларға шаққанда 5 теңгеге, кейін тағы 4 теңге 70 тиынға қымбаттады. Осылайша бір тәулікте 10 теңгедей нығайып отыр. Қазір бір доллар 484 теңге 40 тиын, еуро - 543 теңге 70 тиын, рубль - 4 теңге 80 тиын. Ал валюта айырбастау орындарында доллар ресми бағамнан сәл арзанырақ. 481, 483 теңгеден сатылып жатыр. Сарапшылар болса, қарапайым азаматтарға алып-сатарлықпен айналыспауға кеңес беріп отыр. Мәселен ақпанда ел азаматтары 200 миллиард теңгеге шетел валютасын сатып алған. Қаржы нарығындағы жағдай тұрақсыз. Айтуларынша жыл соңына дейін Ұлттық валютамыз керісінше долларға шаққанда 440 теңгеге дейін нығаюы мүмкін.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздегі суперкомпьютер академиктің апталап шығаратын есебін 3 сағатта шешті
14.01.2026, 10:40
Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде жаңа Smart-аудитория ашылды
14.01.2026, 10:25
20 ел Ресейден астық сатып алудан бас тартты
14.01.2026, 10:23
Оңтүстік Кореяда прокурор экс-президентті өлім жазасына кесуді талап етті
14.01.2026, 10:21
Иранда шерулер кезінде қаза тапқандар саны 2600-ге жуықтап қалды
14.01.2026, 10:20
Газада атыс тоқтағалы 100-ден астам бала қаза тапты
14.01.2026, 10:19
Атырауда 13 жастағы бала баскетбол залында көз жұмды
14.01.2026, 10:18
Елімізде геологиялық барлауға 240 млрд теңге бөлінеді
14.01.2026, 10:16