Петропавлда жылу жүйесі қалыпқа келе бастады
Кеше жылу электр орталығында тағы да апат болып, бірнеше қазандықтың жұмысы тоқтап қалды. Салдарынан тұтас қала жылусыз қалған еді. Қазір, қалаға жылу толық берілді. Әлеуметтік нысандардың бәрі жұмыс істеп тұр. Әкімдік монополист компанияға коммуналдық қызмет төлемін қайта есептеу жөнінде ұсыныс жолдамақ. Орталықта қыс маусымы басталғалы осымен 5-ші рет апат тіркелді. Өткен аптада үш мұржаның бірі құлаған болатын.
Бахыт Ілиясов, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы:
Мұржа құлаған сәтте ғимаратқа зақым келді. Түнде даладағы ауа температурасы төмендегенде цех та салқындап, индукциялық құбырлар қатып қалған. Мамандар ақауды жойды. Бүгін тұтынушыларға талапқа сай жылу беріліп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем таныған ақын
18.05.2026, 20:58
«Музей түні – 2026»: Тарих пен мәдениет тоғысқан кеш
18.05.2026, 20:57
Қазақстан музейлері халықаралық ынтымақтастықты күшейтпек
18.05.2026, 20:54
LRT: Мамандар қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертті
18.05.2026, 20:14
Отбасын қолдау орталықтарының жұмысы жаңа форматқа көшеді
18.05.2026, 20:12
Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке 13 бап бойынша айып тағылды
18.05.2026, 20:10
ДДСҰ эболаның өршуіне байланысты төтенше жағдай жариялады
18.05.2026, 20:09
Емханаға тіркелу ережесі өзгереді
18.05.2026, 20:07