Петропавл қаласында жылыту маусымы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавл қаласында жылыту маусымы басталды

25.09.2014
Петропавл қаласында жылыту маусымы басталды

Петропавл қаласында жылыту маусымы басталды. 24 қыркүйектен бастап Петропавлдағы көпқабатты үйлер орталықтандырылған жылумен қамту жүйесіне қосыла бастады, деп хабарлады «Петропавл жылу желілері» ЖШС инженерінің орынбасары Александр Попов.

Оның сөзіне қарағанда, бүгін 200-ден астам үй, сонымен бірге облыс орталығындағы мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелері, мектептер мен ауруханалар жылуға қосылды.

«25 қыркүйекте Петропавлда «Петропавл жылу желілері» ЖШС мамандары 27 балабақшаны (100%) орталықтандырылған жылу жүйесіне қосты. Облыс орталығындағы мектеп, аурухана, және білім ошақтарының 86% жылу жүйесіне қосылды. 201 көпқабатты үйге де жылу берілді. Жылыту маусымына дайындығын растайтын құжаттары бар мекемелер жылуға алғашқы кезекте қосылады», - деп атап өтті А.Попов.

14-15 күннің ішінде тұрғын үйлерді жылумен толық қамту көзделген.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу