Таразда дәріхана тонағандар іздестірілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда дәріхана тонағандар іздестірілуде

28.03.2022

Таразда дәріхана тонағандар іздестірілуде. Медициналық бетперде таққан екі адам кассаны тонап кеткен.

Оқиға түнгі ондар шамасында қаладағы шағын аудандардың бірінде болған. Шамамен 20-25 жастағы күдіктілер, дәріхана ішіне басып кіріп, тапаншаға ұқсас затпен қызметкерлерді қорқытқан. Сөйтіп, кассадағы ақшаны қолды еткен соң, із суытқан. Қазір осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.


Хабарламаларға жазылу