Ақтауда роботталған дәріхана ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда роботталған дәріхана ашылды

22.01.2016
Ақтауда роботталған дәріхана ашылды

«Шағын және орта бизнес дегеніміз – тұрақты азаматтық қоғамның негізі және қазақстандықтардың өмір сүру сапасы осы саланың даму деңгейіне байланысты болмақ. Бүгінде Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамытуға барынша көңіл бөлінуде. Бұл ретте тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында инновациялық технологияларды енгізу мәселесі айрықша назарда тұрғандығын айта кету керек. Ал, біздің жобамыз  «Aster Lab solutions» (Қазақстан) мен «Tecnilab Group» (Италия) компанияларының бірлескен еңбектерінің жемісі. Әрине, оған SES бағдарламасы арқылы Германиялық сарапшылардың да атсалысқандықтарын айта кету керек»,-деді  Ақтау қаласындағы «Pharma plus Aktau» дәріханасының директоры Гүлнар Мусина.

Оның сөзінше, бұл дәріханаларда дәрілермен байланысты есептердің барлығын роботтар жүргізеді.

Роботтандырылған мұндай дәріханалар алғаш рет Германия, Италия, Франция мемлекеттерінде пайда болған. Онда шағын ғана дәріхананың көлемі ондағы барлық дәрі-дәрмектердің түрлерін көпшілікке көрсетуге мүмкіндік бермейтін еді. Ендігі онмыңдаған дәрі-дәрмектерді сыйдыра алатын роботтандырылған дәріхана бұл мәселені түбегейлі шештін болады, деп хабарлайды Маңғыстау облысының Ақпарат Орталығы.     

Хабарламаларға жазылу