Қант бағасын қымбаттатқандар анықталды
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы қатаң бақылауда. Дегенмен, рұқсат етілген 15 процент бөлшек сауда үстемесін азсынып, тауарын неғұрлым қымбатқа сатқысы келетіндер көп.
Тек соңғы бір аптада осындай 749 сауда орны анықталды. Олардың арасында қантқа 40, күнбағыс майына 35 процент қосқандар бар.
Мониторинг топтары мұндай тексерулерді бұдан былай аудандық деңгейде де жүргізеді. Бұл туралы әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі жедел іс-қимыл жоспарын орындау жөніндегі кеңесте айтылды.
Жиында Премьер-Министр Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қорларын бөлу жөніндегі үйлестіру жұмысын күшейтуді тапсырды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкімет Конституцияны ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті
06.04.2026, 20:59
Елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады
06.04.2026, 20:57
Алматылықтардың 40 пайызы жыл сайын маусымдық аллергиямен күреседі
06.04.2026, 20:54
Шымкентте су арналарының айналасы қоқысқа толы
06.04.2026, 20:52
Семейде «Келешек мектептері» жобасы аясында білім ошағы ашылды
06.04.2026, 20:49
«SuperStar KZ» – Ақтауда
06.04.2026, 20:44
Азия чемпионаты: Төрт боксшымыз финалға шықты
06.04.2026, 20:41
Доллар бағамы 466 теңгеге дейін түсті
06.04.2026, 20:15