Алматыда сарапшылар бейбіт митингтер, күдіктілерді азаптау, терроризммен күрес сынды тақырыптарда ой бөлісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда сарапшылар бейбіт митингтер, күдіктілерді азаптау, терроризммен күрес сынды тақырыптарда ой бөлісті

25.03.2022

Адам құқықтарын сақтаудың еуропалық стандарттары. Қазақстандық және шетелдік заңгерлер, судьялар, адвокаттар мен ғалымдар осы тақырып төңірегінде пікір алмасты. Сарапшылар бейбіт митингтер, күдіктілерді азаптау, терроризммен күрес және бұқаралық сипаттағы шараларда адам құқықтарының қорғалуы сынды тақырыптарда ой бөлісті. Онлайн шараны ұйымдастыруға Президент жанындағы адам құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мен бірқатар беделді халықаралық ұйымдар атсалысты. «Мұндай шаралар әсіресе жастар арасында құқықтық сауаттылықты қалыптастыру үшін маңызды. Жаңа Қазақстанды құру үшін адал әрі білімді заңгерлер дайындау бүгінгі күннің талабы», - дейді ұйымдастырушылар.

Адам құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Роговтың айтуынша, Қазақстан - адам құқықтарын қорғау саласында 70-тен астам көпжақты халықаралық келісімнің қатысушысы. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын табады. Президент Жолдауында да бұл саланы жетілдіру тетіктері кеңінен айтылды. «Қазір елімізде жылдам дамып келе жатқан адам құқықтарын қорғау бойынша ұлттық жүйе қалыптасты», - дейді Игорь Рогов.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу