Елде 51 майнинг ферманың жұмысы тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде 51 майнинг ферманың жұмысы тоқтатылды

25.03.2022

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан соң елімізде 51 майнинг фермасының жұмысы тоқтатылған. Еске сала кетейік, Президент крипто валюта өндіру орындарын анықтап, салықтық, кедендік және техникалық мәселелерін тексеруге пәрмен берген еді. Сонымен 51 майнинг ферманың жұмысына тосқауыл қойылса, тағы 55-і қызметін өз еркімен тоқтатты. Олар энергия көздеріне заңсыз қосылып, арнаулы экономикалық аймақтарда рұқсатсыз жұмыс істеген. Тиісінше салық және кедендік төлемдерден жалтарған. Соған байланысты 25 қылмыстық іс қозғалып, құны 100 миллиард теңге болатын 67 мыңнан аса құрал-жабдық тәркіленді. Нәтижесінде елдегі электр қуатын тұтыну 600 мегаватқа дейін төмендеді. Майнинг пен цифрлық активтерді нормативтік реттеу ісі қатаңдатылды.  

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу